Алматыда мектеп түлектері кортежінің жүргізушілері жазаланды




АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері бірнеше баппен әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Устав

Бұл оқиға Медеу ауданында болған.

«Түлектер мінген 3 көлік Медеу шатқалына бара жатқан жолда өрескел жол ережесін бұзған. Жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылды. 20 жастағы Toyota Land Cruiser 100 жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 596-бабының 2-бөлімімен, 601-бабының 1-бөлімімен, 606-бабының 1-бөлімімен жазаға тартылды. 42 жастағы «Mitsubishi Outlander» жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 614-бабының 1-бөлімімен, 45 жастағы «Toyota Camry» жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 601-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылды», — деді қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Осыған дейін түлектердің кортежі әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-mektep-tulekteri-kortezhinin-zhurgizushileri-zhazalandy_a3658638”