Атырауда мейрамхана мен дәмханалардың жұмысы шектелді




АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда карантин шараларының қайтадан күшейтілуіне байланысты мейрамхана-дәмханалардың жұмысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает FIB

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиевтың қаулысына сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болды.

Ал, гипермаркеттер, супермаркеттер және басқа да азық-түлік дүкендері жұмысын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін (азық-түліктерді сату көкөніс пен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп салынған түрде жүзеге асырылады) жалғастырады.

«Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар және басқалар) жұыс істеді, бірақ келушілер саны бір уақытта 30 адамнан аспауы керек. Үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес деңгейде сақталу тиіс, бір үстелге 4-тен артық адам отырғызылмайды. Жұмысы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/atyrauda-meyramhana-men-damhanalardyn-zhumysy-shekteldi_a3663410”