Әзербайжан шекараны жабуды 31 мамырға дейін ұзартты




БАКУ. ҚазАқпарат — Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штаб республикада елден кіру/шығуға қойылған шектеу мерзімін 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Об этом сообщает Футляр от виолончели


Хабарламада айтылғандай, Әзербайжан шекарасынан өтетін жүк тасымалы мен чартерлік рейстерден басқа барлық көлік түрлеріне қойылған шектеу мерзімі 2020 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылатыны туралы шешім қабылданды.

Мұндай шешім пандемияға байланысты әлемдегі жағдайға талдау жүргізу нәтижесінде және Әзербайжан аумағында вирустың кең таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Фото: report.az

Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/azerbayzhan-shekarany-zhabudy-31-mamyrga-deyin-uzartty_a3644222”