Қызметтік планшеттердің ломбардқа өткізілуі: Шымкент полициясы түсінік берді




ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық Полиция департаменті қызметтік планшеттерді ломбардқа өткізу фактілерін жоққа шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Об этом сообщает Роспрес

Жуырда кейбір БАҚ-тар экс-полицейдің сөзіне сүйеніп, полицейлер 30-дан астам қызметтік гаджетті ломбардқа өткізіп жібергендігі туралы ақпарат таратты. Алайда, Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бұрынғы қызметкері Ф. Шәріпбайұлының тергеу жұмыстарына қатысы (планшеттерді ломбардқа тапсыру ісі– ред.) болған жоқ. Ломбардқа қызметтік планшеттерді тапсыру фактілері қауесет болып табылады», – деп хабарлады департаменттен.

Алайда, мәлім етілгендей, қызметтік мүлікті пайдалану тәртібін бұзғаны және басшылық тарапынан жіберілген бақылаусыздық үшін бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың қыркүйегінде Шымкент Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік планшеттерді ломбардқа тапсырудың бірнеше фактісін анықтаған. Бірақ тексеру кезінде барлық планшеттер полицейлердің қолданысында, яғни ведомствода болып шыққан.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kyzmettik-planshetterdin-lombardka-otkizilui-shymkent-policiyasy-tusinik-berdi_a3619379”