СҚО мен Қостанайда бұрқасын болып, жел күшейеді



АСТАНА. ҚазАқпарат — Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай қаласында бұрқасын болып, оңтүстіктен қатты жел соғады, жел қарқыны 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Петропавл қаласында да жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы — 90-95 %


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sko-men-kostanayda-burkasyn-bolyp-zhel-kusheyedi_a3487445”