Алматыдағы шектеулер 20-21 маусымнан кейін созыла ма - Жандарбек Бекшин




АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында 20-21 маусымдағы шектеу шараларын қай жағдайда одан әрі жалғасатыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Москов постскриптум

«Біз бұл ахуалды жіті бақылап отырмыз. Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 %–тен асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады», — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазір қалада соңғы 10 күнде ауру көрсеткіші 5% болып тұр. Қала билігі осы көрсеткішті 1%-ке дейін төмендетуді мақсат тұтып отыр.

«Алайда барлық қауіп — симптомсыз науқастардың өсуінде. Сонымен қатар, қаладағы төсек орындардың 95 пайызы толып отыр. Яғни көбейген жағдайда ауруханада орындар жетіспеуі мүмкін», — деді Ж.Бекшин.

Айта кету керек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Осыған байланысты қала әкімі карантин шаралары туралы мәлімдеме жасаған еді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatydagy-shekteuler-20-21-mausymnan-keyin-sozyla-ma-zhandarbek-bekshin_a3663303”