Геннадий Головкиннің промоутері келесі қарсылас кім екенін айтты




НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн оның келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://media-tech.top

Оның айтуынша, GGG польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасуы мүмкін.

«Головкиннің чикаголық жанкүйерлер арасындағы абырой-беделі биік. Егер ол Камил Шереметамен шаршы алаңға шығатын болса, оны Чикагода өткізген дұрыс. Онда өте үлкен поляк диаспорасы бар. Шереметамен айқас туралы айтуға әлі ерте, дегенмен біз ол нұсқаны қарастырып жатырмыз. Менің ойымша, бұл жекпе-жекті өткізуге тура келеді. Өйткені титулды жеңіп алған соң саған міндетті қарсыласты бекітіп береді. Әзірге IBF ондай ештеңе талап еткен жоқ, бірақ біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Шеремета титулдың қайтадан босағанын көздеп отыр», — деп келтіреді Хирнның сөзін Boxing News 24.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/gennadiy-golovkinnin-promouteri-kelesi-karsylas-kim-ekenin-aytty_a3574879”