Алматыда төтенше жағдай режімін бұзған вайнер Zheka_Fatbelly айыппұл төлейді




АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы «Zheka_Fatbelly» есімді белгілі вайнерді төтенше жағдай режімді бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Руспрес

Алматы полициясы төтенше және карантиндік режимдерді сақтау аясында әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген.

«Тәжірибе көрсеткендей, кейбір вайнерлер, блогерлер және желінің белсенді қолданушылары карантинді бұзған. Сонымен қатар, олар мұны көпшілікке жария жасаған. Осылайша, олар заңдар мен қауіпсіздік шараларына елемегін. Егер олардың әрқайсысының үлкен аудиториясы бар екенін ескеретін болсақ, «жаман әдет» басқаларға да үлгі болуы мүмкін», — дейді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Олардың бірі — желіде «Zheka_Fatbelly» лақап атымен танымал Жеңіс Омаров.

Ол ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған сот шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен, 2020 жылдың 20 сәуірінде төтенше жағдай, карантин режимін бұздым. Мен досымды үйге кіргіздім, ол маған шаш үлгісін жасады. Мен оны бейнекамераға түсіріп, ғаламторға салып жібердім. Мен өз кінәмді мойындаймын. Карантин режимін сақтауыңызды сұраймын», – деп кешірім сұрады Жеңіс Омаров.

Еске сала кетсек, мұның алдында белгілі әнші Арман Қоңырбаев та карантин режімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-totenshe-zhagday-rezhimin-buzgan-vayner-zheka_fatbelly-ayyppul-toleydi_a3641912”