Алдағы 3 тәулікте елдің көп өңірінде ауа райы қолайсыз болады



Ауа райы болжамы



Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы 3 тәулікте Қазақстанның көп бөлігінде күн райы бұзылады.

Об этом сообщает Руспрес


Ресейдің Еуропа бөлігінен атмосфера фронттары келіп, республиканың солтүстігінде қардың жаууына, жолдағы көріністі нашарлатып, күртік қар туғызатын боран мен батыстан күшті жел соғуына себеп болады. Оңтүстік және шығыс облыстарға Орталық Азия аймағынан оңтүстік циклон ауып, жауын-шашын, тұман түседі, көктайғақ болады, республиканың шығысында қар жауып, боран соғады, – деп хабарлады “Қазгидромет” кәсіпорнының баспасөз қызметі.



Соған қарамастан ауа температурасы орташа көпжылдық шамадан 2-5 градус жоғары, ал батыста нормаға жуық болады.



Источник: “https://baribar.kz/122363/aldaghy-3-taulikte-eldinh-koep-oenhirinde-aua-rajy-qolajsyz-bolady/”