Қандай мамандарға жұмыс көп? Еңбек нарығы кімдерге мұқтаж?



Еңбек нарығына сауда (18,2%), бухгалтерия, басқару есебі және қаржы (8,3%), әкімшілік басқару (7,2%), ақпарат технологиялары, интернет және телекоммуникация (6,5%), банк, инвестиция және лизинг (6,5%) салалары бойынша мамандар аса қажет болып шықты.

Об этом сообщает http://gipoteza.net


Мұндай мамандарға Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Орал жұмыс берушілерінен сұраныс көп. Жұмыс іздеушілер арасында да шамамен осы салалар сұранысқа ие. Зерттеу мәліметінше, олар негізінен 120 мың теңге мен 180 мың теңгенің аралығындағы жалақыны қалайды.


ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми мәліметінше, 2019 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде орташа айлық жалақы 191,1 мың теңге болды. 2019 жылдың екінші тоқсанында ол 186,5 мың теңге, ал 2018 жылдың үшінші тоқсанында 161,8 мың теңге болған еді. Орташа айлық жалақы бір жылда 18,1% артқан.


Жалақы

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанда халықтың экономика жағынан белсенді бөлігі 9,19 миллион адам болды (бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 0,5% аз). Оның ішінде халықтың еңбекпен қамтылған бөлігі – 8,75 миллион адам, жұмыссыздар қатары – 443,6 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі – 4,8%. 2019 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда еңбек ететін азаматтардың 76%-і немесе 6,67 миллионы жалдамалы жұмыс істейтіні белгілі болды, бұл 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,9% көп. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың үлесі – 31,6% немесе 2,1 миллион адам, көрсеткіш бір жылда 0,6% азайған.


Источник: “https://baribar.kz/119855/qandaj-mamandargha-zhumys-koep-enhbek-naryghy-kimderge-muqtazh/”