Жамбылда 370 елді мекеннің 199-на ауыз су жүйесі тартылған



ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Жамбыл облысында халықты ауыз сумен қамту көрсеткіші 53 пайыздан асқан. 10 елді мекенге ауыз су желісі жүргізілсе, биыл бұл бағытқа 3,4 млрд теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы облыстағы 370 елді мекеннің 199-на таза ауыз су жүйесі тартылған. Ал, қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жуықтады.

Өңірдегі кейбір елді мекендердің тұрғындарының аздығынан жаңа су құбырын салу экономиқалық жағынан тиімсіз болуда. Жергілікті билік бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отыр. Сондай-ақ, 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспарлануда.

Айта кету керек, бұған дейін аймақтағы бірқатар елді мекендерде ауыз су құбыры бола тұра, 50 мыңға жуық халық сол құбырға қосыла алмай келген. Оған тарифтің қымбаттылығы себеп болған. Бүгінде бұл мәселе республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігі арқылы шешілуде. Бұдан бөлек, тарифті тұрақтандыру, жалпы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында облыста «бірыңғай оператор» құрылды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/zhambylda-370-eldi-mekennin-199-na-auyz-su-zhuyesi-tartylgan_a3487508”